Нұрсұлтан Назарбаев V Азия ойындарының ашылуына қатысты

23:00, 17 қыркүйек 2017
385

Мемлекет басшысы Ашхабадта жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ойындар «Денсаулық. Жігер. Достық» ұранымен өтуде. Спорт сайыстарына Азия және Океания елдерінің 65 делегациясының 6 мыңнан астам спортшылары мен ресми өкілдері қатысуда. Қазақстан құрамасы жарыстың көптеген түрінен сайысқа түседі.  

Жарыс бағдарламасына спорттың 21 түрі енгізілген. Сайыстар жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал, теннис, тректегі веложарыс, 50 метрлік бассейінде жүзу, конкур, спорттық би, боулинг, бильярд, шахмат, тай боксы, тхэквондо (WTF), кикбоксинг, самбо, джиу-джитсу, күрес, белдесу, грек-рим және еркін күрес, түрікмен ұлттық күресі бойынша өтеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!