Нұрсұлтан Назарбаев «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды

13:55, 16 қыркүйек 2017

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласының ең көрнекті орындарының бірі саналатын «Төле би кесенесі» сәулет кешініне барды.

Кесенеде қазақтың атақты тарихи қайраткері Төле би жерленген. Бұл сәулет ескерткіші – қазіргі Ташкент аумағындағы ең көне ескерткіш. Кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Онда Мемлекет басшылары бауырлас елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!