Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен отырысына қатысты

19:21, 11 қазан 2017
928

Жиында мемлекеттер басшылары ТМД аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын талқылап, достастықтың тиімділігін арттыру мен оған мүше елдердің сауда және инвестициялық байланыстарын тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар отырыста Тәжікстан Республикасының ТМД-ға төрағалық ету кезеңінде атқаратын жұмыс жоспары, Түрікменстанның достастықты одан әрі дамытуға қатысты ұстанымы және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы аясында атқарылған жұмыс нәтижелері тыңдалды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға қарсы күрес саласындағы құжаттарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, ТМД елдерінің басшылары мәдениет, білім беру, ғылым және туризмге қатысты байланыстарды нығайтуға әрі кеңейтуге бағытталған гуманитарлық саладағы бірқатар маңызды шешімдерді қарастырып, отбасын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы мәлімдеме қабылдады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!