Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті

14:10, 11 мамыр 2017
713

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Сауд Арабиясы Корольдігінің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі мемлекеттік министрі Самер Әл-Сабханды қабылдады.
Кездесуде екі ел ынтымақтастығының бүгіні мен келешегі сөз болды. Елбасы былтыр күзде Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерге жеке тоқталды. Бұдан кейін тараптар халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік пен конфессияаралық қақтығыстарды шешу жайын талқылады.
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
 
-Мен барған сапарым есімде, өте жақсы кездесулер болды. Үлкен мәселелер бойынша келістік. Екі елдің арасындағы қарым-қатынас 25 жылда үзілген жоқ. Сізден де, бізден де көп мемлекеттік  қызметкер сапар жасап, келіссөздерге қол қойылды. Қазіргі жағдайда мұсылман елдерінің басы бірігіп, бірге болғаны дұрыс. Біздің жерімізде Сирия жөнінде келісімдер өтті. Жақында болған кездесуге оппозиция жағынан барлығы келді.
 
Самер Аль-Сабхан, Сауд Арабиясы Корольдігінің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі министрі:
 
-Жоғары мәртебелі Президент мырза. Уақыт тауып, бізді қабылдағаныңызға сізге ерекше алғысымды білдіремін және екі киенің сақшысы Корольдің сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіз. Президент мырза, өткен жылдың қазан айында жасаған сапарыңыз екі елдің арасындағы қарым-қатынастың дамуына үлкен серпін берді. Сіз қос елдің де дамуына өте үлкен мән бересіз. Сонымен қатар біз сізге және сіздің мемлекетіңізге жалпы Ислам мәселелері бойынша атқарып жатқан істеріңізге құрметпен қараймыз. Бір ғана араб және мұсылман елдерінде орын алып жатқан қантөгісті бейбіт шешу жолында сіздің қосып жатқан үлесіңіз зор. Бұл әсіресе Сирияға қатысты. Сауд Арабиясының Корольдігі де сіздің ойыңызбен келіседі. 
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Екі ел арасындағы қарым-қатынасты барлық жағдайда өркендетіп өсіру үшін Қазақстан барлық жағдайды жасайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!