Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді

18:52, 17 тамыз 2017

Мемлекет басшысы сұхбат барысында Рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты. Сондай-ақ Қазақстан Президенті халықаралық EXPO 2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!