Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО-дағы Финляндия павильонында болды

12:44, 20 маусым 2017
548

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Президенті Саули Нийнистё «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Мемлекет басшылары фин павильонын аралап көрді. Бүгін көрме аумағында Финляндияның Ұлттық күні атап өтілуде және бұл шара осы мемлекет тәуелсіздігінің 100 жылдық датасына орайластырылған. Мерекелік шара барысында Саули Нийнистё екі ел арасында достық қарым-қатынастар қалыптасқанын, осы орайда Қазақстан Финляндияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі екенін атап өтті. Сонымен қатар Астанаға Финляндиядағы ең танымал кейіпкер, яғни Лапландиядан Санта-Клаус арнайы келді. Ол павильон қонақтарын алдағы үш күн бойы қарсы алатын болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!