Нұрлан Нығматулин Түркия парламентінің спикерімен кездесті

13:29, 14 қазан 2017
5450

Санкт-Петербургте Парламентаралық одақтың 137-Ассамблеясы аясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Исмаил Кахраманмен әңгімелесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Тараптар түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге назар аударды. Сонымен қатар заманауи жағдайлардағы парламенттік дипломатияның өзектілігін атап өтті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!