Н.Назарбаев пен В.Путин Германия іскерлерімен кездесті

19:00, 12 қазан 2017
1109

Қазақстан мен Ресей басшылары Германия іскерлерімен өткен кездесуге де қатысты.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты осы жиынға арнайы шақырды. Бұл – неміс бизнесмендерімен әріптестікті кеңейтудің мүмкіндігі. Жиынға Германияның ең ірі компанияларының өкілдері келді. Олардың бірсыпырасы қазақ елімен жақын байланыста. Бұл елмен тариxи сабақтастықтың тамыры тереңде жатыр. Бүгінде Қазақстанда 100 мыңнан астам неміс диаспорасы тұруда. Инвестициялық әріптестікке келер болсақ, осы күнге дейін Германия біздің елге 5 млрд теңге қаржы құйған. 19 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. Президент қазақ-неміс қатынастарының қарқынын күшейтіп, Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды. Ол үшін Қазақстанда бизнесмендерге жан-жақты жағдай жасалған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!