Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау туралы жарлыққа қол қойды

10:58, 13 қаңтар 2017
757

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жарлықта мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады деп көрсетілген.

Аттестацияны өткізу мен оның ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік пен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды.

Жарлықты басқарудың орындалуын қадағалауға ҚР Президент Әкімшілігі жауапты.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!