Н. Назарбаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы Е. Досаевты қабылдады

18:43, 10 мамыр 2017

Ерболат Досаев холдингтің қызметі жайлы есеп беріп, алдағы жоспарларын баяндады. Президент мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қомақты қаражатты мақсатты жұмсаудың маңыздылығын атап айтты. 

Әсіресе индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мен «Нұрлы жол» жобасын жүйелі орындау қажеттілігіне тоқталды. Холдингтің жұмысы алға басып келеді. Былтыр активтері бұрнағы жылдағыдан 15 пайызға артқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Программа «Нұрлы жол» это не только транспорт и коммуникации. Жилищное строительство есть. Все деньги освоены. От мировых финансовых институтов то, что мы получили. И то, что фонд включил свои средства.  

Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы:

-«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 100 пайыз толық игерілді. Тіпті қайтарылған қаражат та бар. Біз көптеген кәсіпорынды қаржыландырдық. Ол машина құрастыру, ірі және шағын бизнесті демеп, экономиканы қолдауға бағытталды. Мәселен, бұл қаржы біздің клиенттердің қолына жетті. Жұмыс жалғасып жатыр. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!