Мәжілістің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті

16:21, 18 қаңтар 2017
521

Жаңа жылдан кейінгі аздаған үзілістен соң Парламент қызметіне қайта кірісті. Бүгін төменгі палатаның ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.

Мәжіліс спикері биылдық жоспарлармен бөлісіп, қаралатын заңнамаларға тоқталды. Жақын арада денсаулық сақтау мен әлеметтік-еңбек саласындағы мәселелерге қатысты заң жобасы депутаттардың сүзгісінен өтеді. 

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, мәжілісмендер жол қозғалысы, ақпарат және коммуникациялар мәселелері, үкіметтік емес ұйымдар қызметі және салық кодексі сияқты заң жобаларымен айналысатын болады. 

Сессияның аяғына дейін Үкіметтегі 15 министрдің 11-і үкімет сағатына қатысады деп жоспарлануда. 

Депутаттардың ауыл-аймақтарды аралап, сайлаушылармен жүздесіп қайтқаны көрініп тұр. Бүгін олар жолдаған сауалдар көп болды. 

Солардың бірі жауырда елді дүр сілкінткен Шахан кентіндегі оқиғаға байланысты. Жергілікті ағайынның мұң-мұқтажын депутаттар Үкімет басшысына жеткізу үшін сауал жолдады.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Апат болған Шаханда жертөледе орналасқан 14 қазандық бар. Елді мекендегі 20-дан астам көпқабатты үй сол қазандықтардан жылу алады. Тұрғындардың қаражатына салынған қазандықтарға құзыретті органдар тарапынан бірде-бір рет тексеріс болмаған. Бұндай жағдай қанаттас жатқан Абай, Сараң, Шахтинск қалаларында орын алған. 90-шы жылдардан бастап орталықтандырылмаған жылу жүйесі жоқ елді мекеннің жалғыз ғана өтініші, жан айқайы бар. Шаханда орталық қазандық салу. Осы кезек күттірмес мәселеге назар аударуыңызды сұраймын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!