Мәжіліс Төрағасы Канададан келген парламенттік делегациямен кездесті

22:01, 20 қаңтар 2017
401

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Канада елінен келген парламенттік делегация өкілдерімен кездесті.

Қос мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 25 жыл. 

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Канада Қазақстанның маңызды әріптесі екендігіне тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетіндігіне сенім білдірді. 

Канада Парламенті Қауымдастықтар Палатасының комитет төрағасы Роберт Нолт болса, Қазақстанның 25 жылда құқық қорғау саласы, мемлекеттік қызметті реформалауда үлкен жетістіктерге жеткендігін атап өтті. 

Кездесу соңында тараптар парламентаралық байланысты тереңдетуге уағдаласты. 

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Канада халқын 150-жылдық мерейтойымен құттықтап, әріптестерін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!