Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

12:44, 16 қыркүйек 2017

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы болып саналатын «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тәуелсіздік алаңында орналасқан сәулет кешенінде Өзбекстан картасы бейнеленген қола глобус пен қолына сәбиін ұстаған ананың мүсіні бар.

Композиция авторы – белгілі өзбек сәулетшісі Ильхом Жабборов.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!