Мемлекет басшысы Ташкенттегі қазақстандық компаниялардың көрмесін аралап көрді

14:00, 16 қыркүйек 2017

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге «Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімімен танысты.

Көрмеде әскери техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған. 

Көрменің негізгі мақсаты – екі мемлекеттің компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!