Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

15:03, 19 сәуір 2017
399

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Сыртқы істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!