Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады

14:46, 24 сәуір 2017

Дмитрий Панкин Мемлекет басшысына қаржы ұйымының қызметі, даму перспективалары мен басымдықтары туралы айтып берді. Банктің негізгі құрылтайшылары Қазақстан мен Ресей болып табылады.

Президент қаржы ұйымының құру мақсатына, оның алдында тұрған міндеттеріне тоқталып, интеграциялық жобаларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қос қаржыландыру шартымен беру мәселесін қарастыруды алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Банк создан был, я предлагал это. Фактически Россия и Казахстан являются основными учредителями создателями банка  в интересах ЕАЭС. Что бы его поддержать. Поэтому именно те проекты которые вы делали они действительно то что надо. Направление работы оно правильное. Может быть надо посмотреть в условиях например Казахстана тенговые кредиты по национальной валюте по больше давать. Хорошо было бы если государства члены ЕАЭС предлагали совместный проект и банк бы софинансировал дополнительно эти проекты. Это Действительно общие транзитные, инфраструктурные проекты, водные проекты. Может быть аграрные проекты в наших условиях, то есть который работает на всех. Но это зависит от работы ЕАЭС которая должна была бы предлагать такие проекты. У банка в пределах своих возможностей капитала вы работаете не такие большие возможности. Но работать надо. Будем поддерживать. 

Дмитрий Панкин, Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы

-Еуразия даму банкі сіздің бастамаңызбен 10 жыл бұрын құрылды. Қазір тұрақты қызмет етіп келеді. Өткен жыл 160 млн доллар пайдамен аяқталды. Құны 800 млн доллар болатын жобаларға қол қойдық. Біз үшін бұл – үлкен жетістік. Негізгі басымдықты интеграциялық жобаларға беріп отырмыз. Биылғы пайда қоржынын кем дегенде 1- 1,5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!