Мемлекет басшысы әнші Димаш Құдайбергеновпен кездесті

18:28, 26 сәуір 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы басталар алдында жас әнші Димаш Құдайбергеновпен кездесті.
Қазақстан Президенті әңгіме барысында Д.Құдайбергеновті Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтап, оған бақ-береке және зор шығармашылық табыс тіледі.
 
– Сенің бойыңда айрықша дарын бар. Соны сақтай біл. Мен сенің болашағыңның жарқын болуын тілеймін. Халқыңа қызмет ету жолында қуатың сарқылмағай. Сені қазір барлық жерге шақырып жатыр. Сол үшін саған мықты денсаулық керек, – деген Елбасы жас дарынға батасын берді.
 
Д.Құдайбергенов Мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, өзінің алдағы жоспарлары жөнінде айтты.
 
Кездесу соңында Қазақстан Президенті жас әншінің шығармашылық жолында жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!