Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

12:05, 19 тамыз 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы «Ұмай жер» ЖШС-нің егін алқабын аралады.

Мемлекет басшысы аталған шаруашылықтың астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады. 2009 жылы құрылған «Ұмай жер» ЖШС бидай, майлы дақылдар өндірумен айналысады. Шаруашылықтың 26 мың гектарға жуық жері бар. Онда 130-ға жуық адам еңбек етеді, деп хабарлайды inform.kz.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!