Қ.Тоқаев Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің Құрметті төрағасы болып сайланды

14:14, 10 мамыр 2017
771

Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрылтай жиналысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бірлестіктің Құрметті төрағасы болып сайланды.

Кеңес халықаралық қатынастар саласындағы отандық сарапшыларды біріктіру және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ жаһандық тұрғыдағы күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде «Әлем дамуындағы ағымдарды жан-жақты әрі терең талдау негізінде Кеңес Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мәселелер бойынша инновациялық қадамдар әзірлейтін алаң болуы тиіс», – деп атап өткен болатын.

Отырыс барысында құрылған органның 2017 жылы қызметінің негізгі бағыттары белгіленді. Шетелдік әріптестердің қатысуымен сарапшылар форумын өткізу, зерттеу гранттары мен стипендиялар тағайындау, сондай-ақ жас сарапшыларға арналған Жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарда тұр.

Саясаттанушы Ерлан Карин Кеңестің төрағасы болды. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, отандық жетекші талдау орталықтарының басшылары Кеңес Төралқасының құрамына енді, деп хабарлайды ҚР Парламентінің Сенатының баспасөз қызметі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!