​ҚР Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан Сирияға өз әскерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ

11:13, 23 маусым 2017

Мүдделі тараптардың кездесуі үшін Қазақстанның Астанада алаң ұсынуы еліміздің Сирия дағдарысын реттеудегі нақты үлесі болып табылады.

Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы қақтығысты бәсеңдетудің төрт аймағының қауіпсіздігі мен тиімділігі қандай жолмен қамтамасыз етілетіні туралы мәселе Астана процесі кепілгер елдерінің құзырында. Олар осы және басқа да мәселелерді Қазақстан елордасында 4-5 шілдеде кезекті кездесу барысында талқылайтын болады.

Кез келген жағдайда әлемнің қайсыбір қақтығыс ошағына өз бітімгерлерімізді жіберу мүмкіндігін қарастырудың маңызды қағидатты шарты – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарының және осы ұйымның тиісті мандатының болуы.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!