ҚР СІМ Сирияның Алеппо қаласы маңында болған терактілерге қатысты мәлімдеме жасады

10:50, 18 сәуір 2017

«Қазақстан 2017 жылдың 15 сәуірінде Сирияның Алеппо қаласы маңында болған терактілерді қатаң айыптайды. Жергілікті билік пен қарулы оппозиция арасындағы келісімдер аясында Аль-Фуа ауданынан Кефрайға эвакуацияланған 100-ден аса адам қала маңында болған жарылыстың құрбаны болды. Бейбіт тұрғындарды, әсіресе балаларды өлтіру ерекше наразылық туғызды. Сирия халқына, осы терактілерден қаза тапқандардың туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілейміз», - делінген хабарламада.

«Сондай-ақ Қазақстан терроризм мен оның кез келген түрімен ымырасыз күреске қолдауын тағы бір мәрте растайды және осы бағыттағы халықаралық координацияны нығайтуға, жаһандық контртеррористік коалиция құруға шақырады».

Айта кетейік, тұрғындарды көшіру жергілікті билік пен оппозиция арасындағы уағдаластық аясында атқарылып жатқан еді. Соған сәйкес екі тарап Идлиб провинциясында қоршауда қалған 4 қаласының тұрғынын әскерилер бақылауындағы аймаққа немесе қауіпсіз жерге көшіруге келіскен. Соңғы мәлімет бойынша терактіден қаза тапқандардың 68-і – бала. Бұған дейін 110 адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!