ҚР СІМ КХДР-дың баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады

18:26, 12 ақпан 2017

Қазақстан Республикасы КХДР-дың 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзып, баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды.

Жапониямен бірлесіп, ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және өңірлікпен қатар ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді. 

Қазақстан әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді болып, КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролықшамданушылықтан толық бас тартуға шақырады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!