ҚР мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру, ҚР Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы Жарлық шықты

18:47, 10 мамыр 2017

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан   Республикасының Президентіне ұсыну қағидалары бекітілсін.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                          Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 6 мамыр

                       № 473

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!