«Қазына Капитал Менеджмент» компаниясының басшысы ауысты

10:56, 20 ақпан 2017
462

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Асқар Достияров «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы холдингітің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Достияровтың шетелдік инвесторларды тартуын қоса алғанда, қаржы саласындағы 16 жылдық жұмыс өтілі бар.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниясының тобында Асқар Достияров 2013 жылдан бері қызмет етеді. «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Бәйтерек» холдингі Басқармасының мүшесі – Басқарушы директор лауазымдарын атқарған.

Асқар Достияров әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті, School of Business, the George Washington University (MBA) оқу орындарын аяқтаған.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – тікелей инвестициялар қорының қоры. Қазақстанда privat equity тиімді нарығын дамыту және активтерді басқарудың үздік әлемдік практикасын енгізу мақсатында құрылған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!