Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздің кеңесіне тұрақты емес мүше болғанына жүз күн болды

20:37, 19 сәуір 2017

Бұл аралықта талай шаруанының басы қайырылды. Бір ғана Астана процесін алайық.

Шам еліндегі шиеленіске арналған құрылтайда шекіскен тараптар алғаш рет бір үстел басына жиналды. Оқ атпау туралы келісімнің негізі қаланды. 

Біріккен Ұлттар ұйымының арнайы жиынында Астанадағы бұл жетістіктерді Қытай, Италия және Боливия өкілдері жеке атады. Өткен 100 күнде біздің ел Қауіпсіздік кеңесіндегі террорлық топтармен күрес жөніндегі 3 комитетке жетекшілік еткенін де айтқанымыз жөн. 

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

-Жүз күннің қорытындысы бойынша, Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде біраз шаруа атқарды деп айтуға болады. Еліміз түрлі тақырыптағы 100-ден астам отырысқа қатысты. Талқыланған тақырыптар сан алуан. Таяу Шығыс, Еуропа, терроризм секілді өзекті мәселелерде Қазақстан өз ойын білдіріп, ұсыныстарын айтты.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!