Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері келіссөздер жүргізді

17:25, 17 қыркүйек 2017
379

Ашхабад әуежайына келіп қонған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағын Түрікменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін екі елдің Мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізді.

«Осындай кезде қолдау көрсету біздің көршілік, бауырластық парызымыз деп білемін. Сізді жабық кешендегі Азия ойындарының ашылуымен құттықтаймын. Көптеген спорттық нысандар салынды. Олардың барлығы да халыққа, қалаға қалады. Сонымен қатар мұндай шаралар Түрікменстанды, оның астанасын жақын тани түсуге, мемлекеттің тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерін әлемге кеңінен паш етуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақ елі қысқы Азиада ойындары, Бүкіләлемдік студенттер Универсиадасы сынды әлемдік деңгейдегі спорттық шараларды лайықты деңгейде өткізгенін баса айтты.

«Таяуда ғана ЭКСПО аяқталды. Біздің өңірімізде мұндай оқиғалардың өтуі өте маңызды. Ал бүгін Азия ойындарының ашылуына зор ризашылықпен қатысатын боламыз. Біздің қарым-қатынастарымызға қатысты айтар болсам, сіздің сапарыңыздан кейін көп дүние жасалды. Меніңше, экономикалық ықтымақтастығымыз қарқын алады», – деді ҚР Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барып келе жатқандығын, жүргізілген келіссөздер барысында көптеген мәселелердің шешілгендігін атап өтті.

«Бізді жабық кешенде өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысуға жасаған ұсынысымызды қабыл алғаныңыз үшін ризашылық білдіремін. Бұл біздің ортақ мерекеміз саналады. Түрікмендер мен қазақтар, тәжіктер спорттық өңір. Меніңше, баршамызға ортақ осынау мерекеде  салауатты өмір салтын қалай қадірлеп, халықты қалай ұйыстыра білу керектігін бүкіл әлемге паш ететін боламыз», – деді өз кезегінде Түрікменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов.

Оның айтуынша, жабық кешендегі Азия ойындарына қатысу үшін әлемнің 64 мемлекетінен спортшылар келген. Бұған қоса, БҰҰ өтінішімен босқындар да бұл жарысқа арнайы команда құрып, сынға түспек. Осы қадамы арқылы түрікмен халқы өңірдегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтауға мүдделі екендігін көрсетуге ұмтылуда.

«Сіз ЭКСПО-2017 көрмесін өткіздіңіз. Осынау өңір үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастыра алдыңыздар. Бүгінде сіз бен біз осындай биік шыңдарды бағындырудамыз. Кеше сіздің елдің спортшылары лайықты наградаға ие болды. Меніңше, бүгін сіз оларға батаңызды бересіз деп ойлаймын», – деді Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!