Қазақстан мен Ресей СІМ арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды

19:11, 20 қаңтар 2017

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Ресей сыртқы саяси ведомствосының басшысы Сергей Лавров бірлескен келіссөздер өткізді.

Нәтижесінде екі елдің серіктестігі жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды. 

Кездесу барысында екі тарап Сирияға қатысты Астана процесіне ерекше тоқталды. Мәскеуде өткен келелі жиын жайлы алдағы жаңалықтарымызда Ресейдігі тілшіміз Дана Нұржанова кеңірек баяндайтын болады. 

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толып отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!