Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылады

14:02, 20 қыркүйек 2017
488

Елбасының тапсырмасына сәйкес салық заңнамасы жетілдіріледі. Мәжіліс депутаттары құжатты күн тәртібіне шығарды. Сондай-ақ мәжілісмендер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автомобиль қатынасын реттейтін заң жобасын да талқылады.

Гүлжан Марқабаева, тілші: 

Мәжілістің қарауына салық кодексі туралы заң жобасы келіп түсті. Естеріңізде болса Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сессияның ашылуы барысында депутаттарға салық заңнамасын жетілдіруді тапсырған еді. Бұған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жаңа салық кодексінде адал салық төлеушілерді тексеру азаяды деген еді. Мәжілісмендер аталған құжатты мұқият қарап, алдағы уақытта өз қорытындыларын айтатын болады. Сондай-ақ мәжілісмендер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автомобиль қатынасы туралы xаттаманы ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Енді Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус бағдарлары ашылады. Бұрын мұндай маршруттар болмаған және бұл шекарада қолайсыздық тудырған. Былтыр қазақ-өзбек шекарасынан 8 млн 200 мың адам өтсе, биыл бұл көрсеткіш 12 миллионға жетеді деген болжам бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!