Қазақстан Дубайда өтетін EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді

15:13, 10 мамыр 2017
576

Қазақстан Дубай EXPO 2020 көрмесі ресми мәлімдеме БАӘ-дағы ҚР Елшісі  Қайрат Лама Шариф «EXPO-2020 Дубай» Жоғарғы комитетінің төрағасы, шейх Ахмед бен Саид Аль Мактуммен кездесті.

Сонымен қатар жиынға «EXPO-2020 Дубай» бюросының басқарушы өкілдерінің құрамы да қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум атына жазылған хатты ұсынды.

Онда Қазақстан Дубайда өтетін «EXPO-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысатынын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!