Қазақ-өзбек байланысы нығая түседі
Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиёев Астанаға келердің алдында отандық ақпарат агенттіктерінің біріне сұхбат берді. Онда көрші мемлекет басшысы тұтас өңір үшін өзекті саналатын мәселелерге тоқталған.
Тізімде шекараны делимитациялау мен демаркациялау, көлік байланысы, экология, су ресурстарын тиімді пайдалану сияқты түйткілдер бар.
Айта кетейік, Шавхат Мирзиёев Астанаға 22 наурызда келеді. Осыған байланысты елордада қазақ-өзбек бизнес форумы өтеді деп жоспарлануда. Іс-шарада екі жақты тығыз байланысты нығайту үшін бірқатар келісімдерге қол қою көзделіп отыр.
Негізі Өзбекстан үшін біздің ел – маңызды экономикалық серіктес. Мысалы, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 1,5 млрд доллардан асқан. Алдағы үш жылда бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 желтоқсан 2021
Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
-
16:13, 10 желтоқсан 2021
Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
-
12:38, 8 желтоқсан 2021
Дариға Назарбаева Шавкат Мирзиёевпен кездесті
-
09:10, 8 желтоқсан 2021
Мамин Қырғызстан үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді
-
21:39, 5 желтоқсан 2021
Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті