Қасым-Жомарт Тоқаев өзбекстандық әріптесі Содик Сафоевпен кездесті

22:00, 23 наурыз 2017

Өзбек басшысының елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоевпен кездесті. Қазақстан мен Өзбекстан Сенаттары ынтымақ жөніндегі меморандумға қол қойды.

Тараптар қол қойған меморандум парламентаралық диалогтың тереңдей түсуіне бағытталған. Құжат екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларын Парламенттердің жоғарғы палаталары арқылы қолдау білдіруге мүмкіндік береді. 

Содик Сафоев, Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары: 

-Біз бүгін Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Бұл осы салада мемлекеттеріміздің арасында бекітілген алғашқы тарихи құжат. Яғни меморандум парламентаралық диалог үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни бұдан екі елдің де Парламентінің ролі артқанын көруге болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!