Халық қалаулылары: Әуежайға Н.Назарбаевтың есімін беру – елдіктің көрінісі

20:59, 21 маусым 2017

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қабылданған тарихи декларацияда ҚР-ның Парламенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін Конституцияда белгілеу, сондай-ақ елдегі белгілі нысандарға Елбасының есімін беру жөнінде ұсыныс жасаған еді.

Сол ұсыныс бүгін қабылданды. «Бұл елдіктің келісті көрінісі», – дейді халық қалаулылары. Әлемде мұндай мысалдар баршылық. Тек мемлекет басшыларының құрметіне аталған әуежайлардың саны 30-дан асады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Бүгіннен бастап біздің елордада Астана халықаралық әуежайы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарабаевтың атымен аталатын болды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасымыздың ерен еңбегіне деген тағы бір ерекше құрмет.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елдің елдігін танытатын белгілерінің бірі – асылын ардақтай алуы. Осы тұрғыдан алғанда біздің Үкімет халықтың көңілінен шығатын, ойымызға дөп түсетін тамаша шешім қабылдап отыр. Бүкіл әлемде Қазақстанның жақсы аты шығып, экономикамыз қуаттанып, халықтың әл-ауқаты артып, еліміздің әлемдік аренадағы беделі биіктеп тұрғанында, әрине, біздің Елбасымыздың ерен еңбегі бар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл жай бір толқыныспен ғана айтылған, бір көтеріңкі көңіл-күйдің арқасында ғана айтылған ұсыныс болған жоқ. Бұл көп ойланған, толғанған, сондай бір шешім болды. Өйткені осыншама жыл бойы біздің халқымызды, Қазақстан халқын алға жетектеп, жол көрсетіп, сілтеме беріп, дем беріп отырған Елбасының рөлін бүгін тек қана қазақ елі ғана емес, барша әлем біліп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!