Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы Ереванда өтеді

18:49, 14 тамыз 2017

Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы аяқталды.

Басқосуда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің премьер-министрлері бес мемлекет үшін ортақ маңызы бар сұрақтарды талқыға салды. Бірқатар ұсыныс айтылып, қосымша зерттеулер жүгізу туралы шешім қабылданды. Ал барлық тарап құп көрген жайттар бойынша құжаттарға қол қойылды.   

Еуразиялық үкіметаралық кеңес. Алқалы жиынға қатысушылар бұған дейін негізінен құқтық нормативтік сұрақтарды реттеуге басымдық берілгенін тілге тиек етті. Ендігі бағыт – салааралық ынтымақтастықты дамыту. Солардың бірі миллондаған адамды мазалап жүрген зенетақы төлемдеріне қатысты.

Андрей Кобяков, Беларусь Республикасының Премьер-министрі:

- Бұл құжат зейнетақымен қамту саласында тең құқықты қамтамасыз етуге арналған. Келісім алдағы жылы күшіне енеді деп күтілуде. Сол кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары бірнеше елде жұмыс істесе де, еңбек өтілі мен зейнетақасын жолғалтпау мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ кеңес барысында оған мүше елдердің транспорттық саясаты, оның ішінде әуе көлігіне қатысты жоспар да қаралды. Тағы бір өзекті мәселе 5 мемлекет ішінде жүргізушілік куәліктерді өзара мойындауға қатысты. Бұл кәсіпкерлердің одақ ішінде кәсіпкерлік қызметті еркін жүзеге асыруы үшін қажет.

Дмитрий Медведев, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы:

- Біздің бірлесіп жасаған жұмыстарымыз қазірдің өзінде жақсы нәтижелерге жетуімізге мүмкіндік берді. Мәселен, соңғы 4 айдың өзінде одаққа мүше елдердің экспорты 10%-ға артқан. Әсіресе құрылғылар мен көлік саудасы жанданды. Ауылшаруашылық өнімінің саудасы 26%-ға көбейіпті. 

Әріптес елдер көліктік саясатты үйлестіріп, бірыңғай электр-энергетикалық нарық құруды да жоспарлап отыр. Осыған дейін айтылғанындай, цифрлық экономикаға көшу қажеттілігі де басты бағыттың бірі. Мамандар зерттеуінше, инновациялық технологияларды дамыту мемлекеттер аумағында бәсекеге қабілеттілікті арттырып, кәсіпкерлік қызметті қорғауға оң ықпал етеді. Жиын соңында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысын осы жылдың қазан айында Армения астанасы Ереванда өткізетін болып келісілді.

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Еркебұлан Тойболдин

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!