Елбасы ҰҚШҰ жанындағы ҚР Өкілетті өкілін тағайындады

17:50, 16 тамыз 2017

Мемлекет басшысының Өкімімен Владимир Иванович Алесин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Абдуләкімұлы Иманәлиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі қызметіне тағайындалды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!