Елбасы Ресейге жұмыс сапарын қорытындылады

21:01, 12 қазан 2017

Мемлекет басшысы Ресейге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды сөз етті. Келіссөздер жемісті болғанын атап өтті. Жиында Мемлекет басшысы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынған болатын. «Енді бұл бағытта Ресей, Қазақстан, Беларусь елдері бірігіп жұмыс істейді», – деді Президент. Жуырда елімізде цифрландыру мәселесі бойынша арнайы кеңес те өткен болатын. Сондай-ақ Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Германияның іскер топ өкілдерімен өткен кездесу нәтижесін де қорытындылады. Көршілес елмен алыс-беріс едәуір артып, арадағы ынтымақтастық қарқын алып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!