Елбасы ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады

18:58, 13 ақпан 2017
668

Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Кездесуде өңірдің дамуы мен Шымкентті миллиондық қалаға айналдыру жайы сөз болды.

Халық көп шоғырланған аймақ болған соң барлық әлеуметтік мәселелер облыс басшылығының назарында болуы тиіс. 

Былтыр қазан айында сайланған Түймебаев Елбасыға атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

«Алдағы 5 жылға жұмыс жоспары айқындалып, өңір тұрғындары Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға дайын», – деді әкім. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Халқы ең үлкен облыс бола тұра, ең көп дотацияны алатын – ОҚО. Ондай  екінші облыс жоқ. 80 процент. Ал енді өздерінің салық жинаулары бұрынғыдан төмен. Жұмыссыздық мәселесі әр уақытта ОҚО үшін негізгі мәселе болып табылады. 3-ші МСБ. Олар көбеймейді. Сол қалпында тұр. Осындай мәселелерді байқау керек. Одан кейін менің күш салып жатқаным, Шымкентте миллиондық тұрғыны бар қала жасау үшін жаңа орталығын салып жатырмыз. Соның төңірегінде шоғырланып, халықты тартып, санын көбейтіп, үшінші милиондық қала Шымкент болуы керек. Жинаған тәжірибеңді пайдаланып, инвестиция тартып, соны әрі қарай жылжыт. Үкіметтің жиналысында естідің, тапсырма бар. Жасалып жатқан шаруаны қолдау үшін жұмыс істеу керек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!