Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады

18:01, 24 сәуір 2017

Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда қаржы жүйесінің алдына қойылған міндеттердің іске асырылу барысы туралы баяндады.

Президент елдің экономикалық даму деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсімнің төмендеуі мен кірістердің азаюы байқалған жағдайда Қаржы министрлігінің бюджетті толықтырудың қосымша тетіктерін қалыптастырып, мемлекеттік қарыздың қауіпсіз параметрлерін қамтамасыз етуге тиістігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қаржы министрлігінің алдында 3 мақсат бар. Бірінші – бюджеттің кірісін көбейту, соның тетіктерін табу, іздеу. Екінші – мемлекеттік қаржының шығысын азайту. Үшінші – бөлінген қаржыны тиімді пайдалану. Осы үш мақсат Қаржы министрлігінің құзырында. Осының төңірегінде экономикалық, әлеуметтік мәселелер шешіледі. Қаржы министрлігі осыған жетік қарап, мамандандырылған түрде жұмыс істесе, мемлекетке пайда болады. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Жаһандық дағдарысқа қарамастан, соңғы үш жылда баға төмендеп келеді. Ірі экспорт тауарларымызға баға мен сұраныстың төмендегеніне қармастан, экономикадағы дер кезінде қабылданған шаралар арқасында біздің бюджет жүйесі тұрақты. Барлық айқындалған міндеттемелер, әсіресе әлеуметтік міндеттемелер толық қаржыландырылуда. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Енді көбінесе мемлекеттің қаражатымен өсіп келе жатыр. Мынау банк жүйесіне де, бюджеттің шығыс жағына да Ұлттық қордан ақша бөліп келе жатырмыз. Ұлттық қорды көбейту керек. Көп мекемелер соған қарап отырады. Ақшаны берсе, игерсек деп отырады. Сендердің министрліктерің оған тыйым салу керек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі: 

-Барлық қабылданған шараның арқасында былтыр экономикалық өсім 1 пайыз болды. Биылғы жылы бірінші тоқсанда 3 пайызға жетті. Бұның барлығы – экономикалық саясатта дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!