Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Г. Головкинді жеңісімен құттықтады

17:46, 19 наурыз 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA (Super), WBC, IBO и IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан Әлем чемпионы атағын қорғап қалуына байланысты құттықтау жолдады.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкиннің қарымды қарсыласпен жанталасқан жекпе-жекте асқан шеберлік, қажымас қайрат және нағыз спортшыға тән мінез көрсетіп, чемпиондық атақтарын тағы да лайықты қорғап қалғанын атап өтті.

«Сенің жеңісің барша қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлап, олардың жүрегін елімізге және отандық бокс мектебіне деген мақтаныш сезіміне бөледі», – делінген құттықтауда.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкинге мықты денсаулық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне ниеттестік білдірді.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!