Елбасы «Қазанат» ипподромына барды

15:19, 13 тамыз 2017

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!