Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды

10:02, 24 наурыз 2017

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 наурыз

№154

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!