Елбасы Алматы қаласындағы алаң мен қайта жөнделген көшелерді аралап көрді

15:37, 20 қыркүйек 2017

Қазақстан Президенті Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілерге ыңғайланып қайда жөнделген Жібек жолы, Панфилов көшелерін және «Астана» алаңын аралап көрді.

Мемлекет басшысына Алматы қаласының тұрғындар мен қонақтар үшін жайлылығын арттыру мақсатымен жүргізілген ауқымды қайта жөндеу жұмыстарының басты нәтижелері туралы мәлімделді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланы абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысындағы көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне бағытталған заманауи шешімдер жөнінде айтылды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!