ЕХРО 2017 нәтижесі: 300 халықаралық іскерлік кездесу, 20 келісімшарт

19:31, 11 қазан 2017

ЕХРО көрмесі аясында 300-ге жуық халықаралық іскерлік кездесу өткізілді.

Нәтижесінде инвестициялар тарту жөнінде 20-дан астам келісімге қол қойылды. Мұндай мәліметті Үкіметте Инвестициялар және даму министрлігі мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері келтірді. Инвестициялардың жалпы сомасы туралы нақты айту ертерек. Жобалардың дені химия, мұнай химиясы және фармация саласына тиесілі. Ақпараттық технологияларға қатысты жобалар да аз емес.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!