Депутаттар су тасқыны проблемасына арнайы бағдарлама әзірлеуді ұсынды

14:24, 19 сәуір 2017

Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыста депутат Владислав Косарев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында су тасқынымен күреске арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді ұсынды.

«Қыс бойы Үкімет тарапынан жиналыстар мен селекторлық кеңестер өткізгенін байқадық, онда өңір басшылары су тасқынына қарсы шараларға толықтай дайын екендігін, сондай-ақ шығарылған қардың көлемі бойынша, су қоймаларын нығайту жұмыстары тұрғысында баяндап жатты. Алайда көктем келісімен, барлығы қалқып шыға бастады», – деп тоқталды депутат.

Осы орайда ол жыл сайын Парламентте  республикалық бюджетті талқылау барысында қажетті қаржы бөлініп жатқандығын атап өтті.

«Жыл сайын осы ахуал қайталанып келеді. Үйлерді, жолдарды су басуына байланысты адамдарт қиын жағдайға тап болуда. Сонымен бірге, жауапты мемлекеттік органдарда өзендерде су деңгейінің көтерілуін, қардың еруі көлемін және ірі су ағыстарының бағыттарын ешкім де болжай алмағандығы жүйелі түрде байқалуда», – дейді Косарев.

Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!