Б.Сағынтаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың пікіріне байланысты мәлімдеме жасады

21:55, 9 қазан 2017

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне байланысты мәлімдеме жасады.

Бұл мәліметті Премьер-министрдің ресми сайты жариялады.

«Қырғызстан Президентінің сайлау алдындағы жауапсыз, арандатушылық мағынадағы жалған пікірі екі ел арасындағы көпғасырлық байланысқа, достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз», – делінген мәлімдемеде.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық сақталады. Қазақ елі қашан да қырғыз халқының басына түскен қиын күндерде қасынан табыла білген. Қырғызстан басшылығының өтініштерін ескерусіз қалдырған емес. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты түйткілді жайттарды шешуге қарайласумен ғана шектелмей, тұрақты түрде гуманитарлық көмек те көрсетіп келді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!