Б.Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Ж.М.Баррозумен кездесті

16:28, 23 маусым 2017
364

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен қаржы және инвестициялық салаларды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында ЕуразЭҚ дамыту әлеуеті, сонымен қатар әлемдік трендтерді ескере отырып, Қазақстанның қаржы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар Ж. М. Баррозудың Еуропалық комиссияға төрағалық еткен кезінде қол қойылған Кеңейтілген серіктестік туралы келісім аясында Қазақстан мен ЕО-ның алдағы ынтымақтастық келешегі туралы пікірлерімен алмасты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!