Бақытжан Сағынтаев Боливияның Сыртқы істер министрімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Боливияның Сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті, бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында энергетика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Екі тарап, сондай-ақ, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында, таза технологияларды дамыту мен жаңғыртылатын энергетика салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды құру мен іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.
Фернандо Уанакуни Маманидің айтуынша, Боливия тек қана газ секторында емес, сонымен қатар сирек кездесетін металлдар мен атом өнеркәсібі салаларында да серіктестікті дамытуға әзір.
Бақытжан Сағынтаев екіжақты ынтымақтастықтың нығая түсуіне қызығушылық білдіріп, Фернандо Уанакуни Маманиге Қазақстанның Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 желтоқсан 2021
Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
-
16:13, 10 желтоқсан 2021
Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
-
12:38, 8 желтоқсан 2021
Дариға Назарбаева Шавкат Мирзиёевпен кездесті
-
09:10, 8 желтоқсан 2021
Мамин Қырғызстан үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді
-
21:39, 5 желтоқсан 2021
Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті