БАҚ өкілдерімен болған Елбасы кездесуінің толық нұсқасын арнамыздан 21:30-да көріңіздер

19:05, 17 наурыз 2017

Өкілеттігі артқан уәкілетті органдарға қандай міндеттер жүктеледі? Ел ішінде бүгін-ертең парламенттік сайлау өтуі мүмкін бе?

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз қайсы? 

Қазақстандағы белді арналар мен беделді басылымдардың журналистері кеше Елбасымен кездесіп, осы және өзге де өзекті мәселелер төңігеріндегі сұрақтарын қойды. 

Ашық сұхбат барысында Президент әр сауалға жеке тоқталып, әдеттегідей нақты әрі тұщымды жауабын берді. Әсіресе, ел экономикасын трансформациялау жұмыстарына кеңінен тоқтап, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары күшейетіндігін шегелеп айтты. Және мемлекеттік тілдің мәртебесі жөніндегі ойларын ортаға салды. 

Бейсен Құранбек, журналист:

-Елдің алдында үлкен мақсаттар тұр ғой. Бүгінде ағылшын тілін меңгермей, әлемдік көшке ілесу мүмкін емес. Ол айдан анық, күннен жарық нәрсе. Оны үнемі Сіз айтып жүресіз. Биылғы Жолдауда да жастардың бәсекеге қабілетті болуының алғы шартының бірі осы ағылшын тілін меңгеру екенін атап өттіңіз. Бірақ басқа тілге басымдық бергеннен қаймығып қалған халықпыз ғой. Қазір көптің көкейінде біздің ана тіліміз көлеңкеде қалып қоймайды ма? Мемлекеттік тілдің өрісі тарылып кетпейді ма деген күмән, тіпті үрей бар. Сонда негіз бар ма сол үрейге? 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жаңа қаймығып қалған халықпыз деп жақсы айттың. Расында да қаймығып қалғанбыз. Тілімізден айырыла жаздап, мәдениетімізден айырыла жаздап, сол қорқыныш, үрей әсіресе үлкен буындарда бар. Менің құрдастарымда, сендердің әкелеріңде. Тіліміз қайтадан келе жатыр еді, қалып қалмайды ма деп. Қазір қазақтың тіліне қарсы Қазақстанда бір адам жоқ. Жоқ. Ну кто против государственного языка сейчас в Казахстане. Ни кто. Сондықтан мәселе біздің өзімізде, қазақтарда. Қолға алып, осы тілді жетілдіру керек. Мысалы, кейбіреулердің «Президент қазақша сөйлемей, барлық жерде ол болмайды» деп айтатынын білем. Егер де біз қырық рудан жиналған халық, жүз ұлтпен, ұлыстар отыр. Соның бәрі Президентті сайлайды. Соның бәрі Президенттің сөзін түсінбесе, қалай болады сонда. Сондықтан мен екі есе көп жұмыс істейтін адаммын. Орысша да, қазақша да. Басқалары Ресейдің Президенті тек қана өз тілінде сөйлейді, американдық өз тілінде сөйлейді, Түркиянікі өз тілінде сөйлейді. Мен амалсыз екі тілде бірдей сөйлеп отырған адаммын. Сондықтан бұл мәңгілік бұлай болмайды. Қазірдің өзінде қазақтың саны 70 процентке жақындап келе жатыр. Өздерің білесіңдер, мен айтқандай 25-ші жылға дейін дайындалып біз қазақтың тілін барлық жерде енгізуге жұмыс жасаймыз. 

Республикалық БАҚ өкілдерімен болған Елбасы кездесуінің толық нұсқасын бүгін арнамыздан 21:30-да көре аласыздар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!