Астанаға мемлекеттік сапармен Өзбекстан Президенті келді

19:36, 22 наурыз 2017

Өзбекстан Президенті Шавхат Мирзиёев Астанаға келердің алдында отандық ақпарат агенттіктерінің біріне сұхбат берді. Онда көрші мемлекет басшысы тұтас өңір үшін өзекті саналатын мәселелерге тоқталған. Тізімде шекараны делимитациялау мен демаркациялау, көлік байланысы, экология, су ресурстарын тиімді пайдалану сияқты түйткілдер бар.  Айта кетейік, Шавхат Мирзиёев Астанаға 22 наурызда келеді. Осыған байланысты елордада қазақ-өзбек бизнес форумы өтеді деп жоспарлануда. Іс-шарада екіжақты тығыз байланысты нығайту үшін бірқатар келісімге қол қою көзделіп отыр.  Негізі Өзбекстан үшін біздің ел – маңызды экономикалық серіктес. Мысалы, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 1,5 млрд доллардан асқан. Алдағы үш жылда бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!