Астанадағы кездесу Сириядағы соғыстың аяқталуына түрткі болуы мүмкін

10:22, 13 қаңтар 2017

Түркия мен Ресей ұйымастырып отырырған Астанадағы кездесу Сириядағы соғыстың аяқталуына түрткі болуы мүмкін. Мұндай пікірді Францияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Франсуа Делаттр айтып отыр, деп хабарлайды ТАСС.

«Бізге уақыт жоғалтуға болмайды. Біз Сириядағы саяси соғыс жағдайын реттейтін шарттарды құруымыз  керек. Астанадағы кездесу осы бағытқа жасалған қадам деуге болады», — деп мәлімдеді дипломат журналистерге.

Астанада өтетін Сирия үкіметі мен опозиция арасындағы келіссөздер 23 қаңтарға жоспарланған. Ливандық Al Akhbar басылымы Анкарадағы дереккөздерге сілтеме жасап опозиция делегаттары 44 адамнан тұратынын хабарлаған. Олардың көпшілігі Сирияның солтүстігінде түркиялық әскерилер өткізіп жатқан «Щит Евфрат» операциясына қатысушылардың құрамында болады.

Сондай-ақ, кездесуге ақпан айында Женевада өтетін сирияаралық келіссіздерге байланысты БҰҰ шақырылады деп күтілуде. Дүниежүзілік ұйымның бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің сөзінше, БҰҰ хатшылығы да Астаналық ұйымдастырушылардан ресми шақыру күтіп отыр.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!