Астанада сириялық келіссөздер бойынша екіжақты кездесу басталды

11:36, 16 ақпан 2017
323

Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің жалпы отырысы алдындағы делегациялардың екіжақты кездесулері басталды. 

Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті. 

«Кездесу басталды қарулы оппозиция өкілдері сәл кейінірек болады. Олардың қатысуымен кездесу түске дейін өтеді», – деді Жайнақов. 

Еске сала кетейік, бүгін, 16 ақпан күні Сирия ахуалын реттеуге байланысты Астана процесінің аясында жоғары деңгейде кезекті отырыс өтеді. 

Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, отырыста Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақтау мәселелері, соның ішінде нақты территорияларда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады деген жоспар бар. 

Сондай-ақ бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режімді күшейту және Женева келіссөздері алдындағы басқа да шаралар талқыға салынбақ. 

Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр. 

Бұған дейін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінен кейін елордада xалықаралық теxникалық кездесу өткен болатын. Соның нәтижесі бойынша РФ Қарулы Күштері Бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған болатын.  

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!